Аймақтар • 03 Мамыр, 2021

Алматыда 14 мекеме карантин талаптарын бұзды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында мониторинг топ коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларының сақталуын бақылауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда 14 мекеме карантин талаптарын бұзды

Кеше түнде қалада 14 мекеме карантин талаптарын бұзды. Анықталған бұзушылықтар арасында: «Bla Bla» бары бар, онда 50-ге жуық адам болған, «Небо» түнгі клубы 80-ге жуық келушіні қабылдаған. Мониторинг тобының өкілдері атап өткендей, «Bla Bla» мекемесінің әкімшілері «Ashyq» жобасына сәйкес жұмыс істеп жатқандарын айтқан.

Алайда, аталған мекеме Алматы қаласы бойынша осы қанатқақты жобада жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне кірмейді, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақтау және келушілер саны 50%-дан аспауы керек деген талаптар сақталмаған.

Тізім қала әкімдігінің ресми сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді. Биыл 20 наурыз бен 3 мамыр аралығында белгіленген шектеулердің 761 рет бұзылғаны анықталды. 3309 адамға әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама толтырылды.

Алматы әкімдігі Ashyq жобасына қатысатын бизнес субъектілері үшін карантин шараларын және белгіленген жұмыс режимін сақтауға шақырады:

мейрамханалар, дәмханалар мен жаздық алаңдарға келушілер саны 50%-ға, 50 орынға дейін, сағат 7:00-ден 2:00-ге дейін;

театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармонияға келушілер саны 30%-дан аспауы керек;

бильярд клубтары толымдылығы 30%-дан аспаған жағдайда, жұмыс режимі 12:00-ден түн ортасына дейін;

компьютерлік клубтар, PlayStation-клубтарын қоса алғанда, келушілер саны 30%-дан аспаған жағдайда, 12:00-ден түн ортасына дейін, бұл ретте 16 жасқа толған және одан үлкен азаматтар ғана жіберіледі;

боулингтер келушілер саны 30%-дан аспаған жағдайда, 12:00-ден түн ортасына дейін.