Еуропаның ең ірі қорғаныс жобасы – Future Combat Air System (FCAS) бастамасы бойынша келісім сәуір айының соңында аяқталуы тиіс еді. Бірақ тараптар зияткерлік меншік құқығын пайдалану жөнінде келісімге келе алған жоқ.
«Зияткерлік меншік құқығын пайдалануға қатысты әлі келісімге келмедік. Германия үшін бірлесіп қаржыландырылатын зерттеулердің нәтижелеріне сүйену өте маңызды», деді Германия Қорғаныс министрлігінің өкілі.
Реактивті ұшақты жасауға 100 миллиард еуродан астам қаржы жұмсалады. Dassault Aviation (AVMD.PA), Airbus (AVMD.PA) және Indra (IDR.MC) компаниялары бірлесіп жұмыс істейтін жоба арқылы Францияның Rafale мен неміс және испан Eurofighters ұшақтарын 2040 жылға дейін алмастыру көзделген.
Германия Қорғаныс министрлігінің өкілі жобада барлық қатысушының мүдделерін құрметтейтін зияткерлік меншік құқығын реактивті ұшақта пайдалану үшін тиісті келісім болуы керек екенін айтады.