Қытай басшысы бұл туралы ҚКП Орталық комитеті саяси бюросының жиынында мәлімдеген. Қытайдың 14-ші бесжылдық жоспары экологиялық табиғатты қорғауда маңызға ие. Си Цзиньпиннің айтуынша, осы қадам арқылы ластануды азайту және көміртегі шығарындыларын қысқартуға қол жеткізілмек.
Ол адамдар мен табиғаттың үйлесімде өмір сүруіне қол жеткізу үшін экономикалық және әлеуметтік дамуды стратегиялық тұрғыда шешуге және жоспарлауға шақырды.
Жиын барысында Си Цзиньпин Қытайдың социалистік жаңғыртуындағы басты сипаттамаларының бірі адам мен табиғаттың үйлесімділігі екенін атап өтті. Сондай-ақ өнеркәсіптік, энергетикалық, көлік және жер пайдалану құрылымдарын түзетуді жеделдетуге шақырды.
«Аумақты жоспарлау мен пайдалануды бақылауды күшейту керек, ресурстарды пайдалану тиімділігі жан-жақты жақсаруы керек. Парникті газдар шығарылымын азайту – әлем алдындағы міндетіміз. Сондай-ақ терең экономикалық және әлеуметтік қайта құру оңай емес», деді Си Цзиньпин.