Оқиға • 04 Мамыр, 2021

Үлгілі сарқырамасына тағы бір адам құлап кетті

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Үлгілі сарқырмасына 45 жастағы ер адамға құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Үлгілі сарқырамасына тағы бір адам құлап кетті

Қайғылы жағдай 3 мамырда күндізгі сағат 15:00-да болған. Суға құлаған 45 жастағы ер адам түрлі дене жарақатын алып, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам қабырғаларын, иығын сындырған, басын жарақаттаған.

«Сарқырама аумағына ескерту белгісі орнатылған, сондай-ақ ескерту лентасы тартылған, тәртіп сақшылары кезекшілік етеді, орманшылар дыбысты күшейткішпен жүріп қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Соған қарамастан адамдар қауіпсіздік шараларын елемейді», дейді аудан әкімдігі.

Айта кетейік, жақында осы сарқырамаға тағы бір ер адам 6 жасар қызымен бірге құлап кеткен болатын.