Қазақстан • 04 Мамыр, 2021

Қазақстан мен Қытай шекарасында су қоймасы салынуы мүмкін

133 рет көрсетілді

Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Қорғас өзеніндегі «Достық» біріккен су торабында қойма салу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасақталады. Бұл туралы Су ресурстар комитетінің «Қазсушар» РМК-ның Бас директоры Алтай Елжасовтың аталған өңірге іс-сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Нысан Қытай Халық Республикасымен шекарада, трансшекаралық Қорғас өзенінің бойында орналасқан. 2013 жылы пайдалануға берілген біріккен су торабы 14,5 мың га аумақты құрайды. Құрылымның су өткізу қабілеті 456,0 м3/с. Дегенмен, соңғы үш жылда аталған су торабында судың аз келуі, климаттық жағдайдың өзгеруі, диханшылар үшін өзекті мәселеге айналды. Жергілікті мамандар мен шаруақожалық иелері Қорғас өзені бойына су қоймасын салу, аталған мәселенің шешу жолы екендігін айтады.

«Біздің ауданда суармалы судың жетіспеушілігі негізгі мәселелердің бірі. Бұл экологиялық ахуалға тікелей байланысты. Өйткені таудағы мұздықтардың азаюы, судың аз келуіне себеп болып жатыр. Екі ел бұл өзен суын теңдей бөліседі. Алайда, беріліп жатқан су өзен арнасымен өтіп кететін болғандықтан, су қоймасын салып мәселені түбегейлі шешуге болады», деді  «Қазсушар» РМК Алматы филиалы Панфилов өндірістік учаскесінің басшысы Тұрысбек Нұрахметов.

Аталған ұсынысты назарға алған Алтай Елжасов, сол аудандағы жергілікті атқарушы органмен бірге көшпелі жиын өткізді. Онда шаруагерлердің көтерген мәселелері қаралды. «Қазсушар» РМК-ны мен  жергілікті атқарушы орган бірлесіп, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар мнистрлігіне және Үкіметке ұсыныс тастау жөнінде шешімге келді.

«Жоғарыда көтерілген мәселе бойынша, аталған нысан трансшекаралық аймақта орналасқан. Сол себептен, бұл Үкімет деңгейінде екі ел арасында қарастырылатын мәселе. Десе де, қазір жаңадан салынатын су қоймасының орнын анықтап, жергілікті билік жобалық-сметалық құжаттамасына қаражат қарастырып, экология министрлігіне ұсынатын болады», деді «Қазсушар» РМК-ның Бас директоры Алтай Елжасов.

Айта кетейік, «Достық» су торабы «Алмалы» магистральдық каналы үшін командалық іске қосу болып табылады. Оның ішінде екі «Басқұншан» және «Аяққұншан» каналдары сумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта нысанды автоматтандырылған басқару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Жоспарын жоққа шығарды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Үздік ондықта Головкин жоқ

Кәсіпқой бокс • Кеше

Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл

Кәсіпқой бокс • Кеше

«Динамодан» жеңілді

Хоккей • Кеше

Креативті кітап дүкені

Аймақтар • Кеше

Жанбота жарап тұр

Спорт • Кеше

Ақын тұтынған кесе

Тарих • Кеше

Ұқсас жаңалықтар