Ұлттық денсаулық сақтауды дамытудың өзекті мәселелері және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының басым бағыттары Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бірінші отырысында талқыланды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Партияның баспасөз қызметі атап өткендей, денсаулық сақтау – сайлауалды бағдарламаның маңызды блоктарының бірі, оған Сайлауалды уәделерді іске асыру жөніндегі Жол картасының 362 индикаторының 23-і арналған.
Мәселен, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе арттырып, денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемін барлық көздерден елдің ЖІӨ-нің 5%-іне дейін жеткізу міндеті қойылып отыр.
Отырыс барысында Кеңес мүшелері медицина ұйымдарының инфрақұрылымын өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде жақсартуға бақылауды қамтамасыз ету шараларын қарастырды.
Сонымен қатар, Кеңес мүшелері медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселесін көтерді. Атап айтқанда, Кеңес мүшесі Эльмира Әлиева Медициналық қызметкердің құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құруды ұсынды. Өз кезегінде денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі заңнамалық нормалар әзірленіп жатқанын хабарлап, оларды Кеңестің келесі отырысына талқылауға енгізуді ұсынды.
Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бірінші кездесуінде зиянды өнімдерге – темекі, алкоголь, құрамында қант бар өнімдерге акциздік салықтарды арттыру және енгізу мәселесі де талқыланды.
Кеңес мүшесі, еліміздің жетекші кардиологы Қайрат Дәулетов атап көрсеткендей, бүгінде әрбір жетінші өлім алкогольден, ал 50 жасқа дейінгі ерлер арасында әрбір үшінші өлім спирттік ішімдіктерді тұтынумен байланысты. Темекіні тұтынудан жылына кемінде 18 мың қазақстандық қайтыс болады.
«Қазақстан мен дамыған елдер арасындағы мезгілсіз өлім-жітімнің үлкен айырмашылығын да дәл осы алкоголь мен темекі анықтайды», деп мәлімдеді ол.
Кеңес төрағасының орынбасары Жәмилә Садықованың айтуынша, Қазақстанда жарнамаланатын өнімдердің 80%-ке жуығы – фаст-фуд, құрамында қант бар сусындар, дайын таңғы ас және т.б.
«Бұл өнімдерді белсенді тұтыну біздің елімізде ерлердің 19%-і, әйелдердің 23%-і және 6 жастан 9 жасқа дейінгі балалардың 20%-і зардап шегетін семіздікке әкелуі мүмкін. Семіздіктің артуының тікелей салдары 400 мыңнан астам қазақстандық ауырып отырған қант диабеті болып табылады», деді ол.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар