Қоғам • 04 Мамыр, 2021

Қазақстандықтардың көлік салығына берешегі 30 млрд теңгеден асты

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпы республика бойынша 1 миллионнан астам адамның мемлекетке қарызы 30,7 млрд теңгені құрайды. Берешектің 26,8 млрд теңгесі қарыздың негізгі сомасы. Қалған 3,8 млрд теңге өсімпұл есебінде есептелген, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың көлік салығына берешегі 30 млрд теңгеден асты

Оңтүстік мегаполистің тұрғындары көлік салығы бойынша 6,1 млрд теңге қарыз. Одан кейін Алматы облысы орналасып, автокөлік иелері 4,8 миллиард теңге көлемінде салық төлемеген. Ал Нұр-Сұлтан қаласы қарыз мөлшері бойынша алғашқы үштікте. Себебі елордадағы автокөлік жүргізушілерінің мемлекетке 3 млрд теңгеге жуық берешегі бар.

Борышкерлер саны бойынша антирейтингті 165 мыңнан астам адам салық міндеттемелерін орындамаған Алматы облысы бастап отыр. Екінші орында Алматы қаласы. Онда борышкерлер саны 107 мыңнан асады. ТОП-3 Түркістан облысы да кіреді – 104 мың адам.

МКК Салық кодексіне сәйкес салық төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімі өткен әр күн үшін өсімппұл есептелетінін еске салады.

Салық төлеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын орнатып, салық бойынша қарыз көлемін біліп, онлайн төлеу жеткілікті. Сондай-ақ қазақстандықтар екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады.