«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ облыстық филиалының мәліметінше, өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, ал сенбі күндері орталықтың орналасқан жеріне байланысты әр түрлі кестеге сай жұмыс істейтін болады.
«Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара, Арқалық қалаларының ХҚКО сенбі күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, ал аудан орталықтарында орналасқан ХҚКО-лар сенбі күндері сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді», - деп хабарлады облыстық филиалдың PR-менеджері Ярослава Богатырева.
Қостанай, Рудный және Тобыл қалаларындаХҚКО-ларға тұрғындар тек алдын ала кезекке тіркелу арқылы ғана бара алады. Кезекке 1414 бірыңғай байланыс орталығы, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, eGov mobile и Telegram бот EgovBotKz2.0. қосымшасы арқылы тапсырыс беруге болады
Қостанай облысы