34 тұрғын түрлі дене жарақатын алды. Келген материалдық шығын 97 млн теңгеден асады. Барлық өрттің 75% және қаза тапқандардың 27-сі – жеке секторда болған. 23 сәуір мен 3 мамыр аралығында өңірде 29 өрт тіркелді.
Мамандардың айтуынша, өртке қауіпті маусым 12 сәуірден басталды. Осы уақыттан бастап кепкен шөпті, қамысты, қоқысты күйдіруден туған өртке қатысты 227 шақырту түскен. Отты абайсыз қолдану салдарынан, яғни қоқыс пен кепкен шөпті күйдіріп, ол жақын маңдағы құрылыс нысандарына таралған 7 өрт тіркелді.
«Алда бірнеше күн мереке, демалыс. Тұрғындар саяжай учаскелеріне, демалу үшін орманға, табиғат аясына ағылады. Әрине кәуап дайындайды. Кәуап дайындаған уақытта міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Жақында ата-аналар күні болады, халық зиратқа жинауға барады. Зират басында от жағып, қоқысты күйдіруге қатаң түрде тыйым саламыз», дейді облыстық ТЖД басқармасының басшысы Дмитрий Растихин.
СҚО-да өртке қауіпті маусымның басталуына орай 46 мобильді топ құрылды. Оған 230 адам – азаматтық қорғаныс органдарының өкілдері, жергілікті полиция қызметінен, орман шаруашылықтары мен жергілікті атқарушы биліктен мамандар кірген. Олар жүргізген рейд барысында 20-дан астам әкімшілік хаттама толтырылды.