Ветеринарлар жануарлардан сынама үлгісін алып, Хайдарабадтағы жасушалық және молекулалық биология орталығына жіберген. Енді орталықтың ғалымдары жануарлар коронавирустың қандай штамын жұқтырғанын анықтап жатыр.
Үндістан коронавирус жұқтыру жағдайлары бойынша әлемде екінші орында тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елде барлығы 20,2 миллионнан аса адам COVID-19 жұқтырған. 16,6 миллионнан аса адам сауығып, коронавирус белгілері бар ауырдан 222 мың адам қайтыс болған.