Елордада ұйымдастырылған дүбірлі додаға республикалық маңызы бар үш қала мен 14 облыстың оқушылары қатысты. Ерлер арасындағы (9-11 сыныптар) волейболдан «Шұбар доп» жарысында Шымкент қаласының №71 орта мектеп командасына тең келер қарсылас табылмады. Мерейлі екінші орынды Түркістан облысы Созақ ауданындағы Кеңесбаев жалпы орта мектебі иеленсе, үшінші орын Нұр-Сұлтан қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясына бұйырды.
Қыздар арасындағы (9-11 сынып) доп жарысында Түркістан облысы №18 Ж.Еділбаев атындағы орта мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Павлодар облысы №12 орта мектебі, үшінші орынды Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №2 орта мектебінің оқушылары иеленді. Ұлттық мектеп лигасы ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.