Осы мәселеде сауапты істермен үзбей айналысып келе жатқан AYALA қайырымдылық қоры Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи реанимациялық жабдықтардың 18 бірлігін, оның ішінде дене салмағы өте төмен нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған 2 инкубатор, 5 реанимациялық үстел, 6 фототерапия шамы мен 5 жоғары дәлдікті медициналық таразы берді. Қомақты қаражатты қажет ететін жоба Halyk Bank-тің демеушілік қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Берілген жабдықтың жалпы құны 27 003 750 теңгені құрады.
– Бұл – өте маңызды қайырымдылық жоба. Себебі әңгіме, елдің ертеңі – сәбилердің, жаңа туған қазақстандықтардың денсаулығы туралы болып отыр. Сондықтан банк түрлі әлеуметтік маңызды жобалар бойынша бұрыннан келе жатқан серіктесіміз AYALA қорының бастамасын қолдады. Осы жабдықтар мен жан-жақты қолдау арқылы орталық мамандары балаларға уақтылы көмек көрсетіп, дүние есігін ашқан нәрестелердің аман-есен өмір сүруіне септігін тигізетініне сенгім келеді, – дейді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.
Алматы қаласы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы директорының орынбасары Светлана Лисогордың айтуынша, ашылғанына 10 жыл болған орталықта медициналық жабдықтар ескірген, сондықтан үнемі күрделі жөндеуді талап етіп, жиі істен шығады.
– Бізде орнатылған көптеген модельдер өндірісте жоқ болғандықтан, бұл жиынтықтарды сатып алуды қиындатады. Әсіресе құрал-жабдықтардың тапшылығы неонаталдық қызмет бөлімшелерінде қатты сезіледі. Енді Halyk Bank пен AYALA қорының қолдауының нәтижесінде неонатология бөлімшесінің барлық қажеттілігі қанағаттандырылды. Дәрігерлердің, ірі бизнес пен қордың біріккен қамқорлығы жаңа туған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі, – дейді ол.
Қарқынды терапияға арналған инкубатор жылудың реттелуі жаңа туған нәрестелердің дене температурасын, қажетті ылғалдылықты және оттегінің деңгейін ұстайды. Ашық реанимациялық жүйе шала туған балаларды емдеу үшін оңтайлы микроклиматтық жағдайларды ұстап тұру үшін арнайы құрылған. Әдетте олар төмен дене салмағымен туады және нәрестелерге терідегі ұсақ тесіктер арқылы буланып кететін ылғалды жоғалтпай ұстау керек. Дененің қалыпты температурасы 37,5С аспауы тиіс, іш температурасы 36,2-36,5С шегінде болуы қажет. Ашық реанимациялық жүйеде осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін кереуеттің, ауаның температурасының жайлы деңгейі мен сәулелі жылу берудің қуаты белгіленеді.
Фототерапия шамы жаңа туған нәрестелердің денсаулығы мен зиятын сақтай отырып, оларды емдеуге көмектеседі. Жаңа туған нәрестелердің сарғаюы – бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына әкелетін уытты билирубин деңгейінің ұлғаюы. Әсіресе ол шала туған балалардың арасында жиі кездеседі. Қандағы уытты билирубиннің жоғары деңгейі дамудағы кідірістерді, атетоидты церебралды сал ауруын, ішінара немесе толық сал ауруын, құрысуды, есту проблемаларын қоса алғанда, баланың бас миының қайтымсыз зақымдануына себеп болуы мүмкін.
AYALA қайырымдылық қорының мақсаты – Қазақстандағы сәбилер мен балалар өлімін және мүгедектікті азайту. Ол үшін қор 14 жылдан бері «Өмір сыйлайық» жобасын жүзеге асырып келеді. Оған жиналған барлық қаражат Қазақстан ауруханаларының перинаталдық орталықтары мен балалар бөлімшелерінің реанимацияларын өмірлік маңызды жабдықтармен жабдықтауға жұмсалады. 2007 жылдан бастап мұндай жабдықтар еліміздің 36 қаласы мен елді мекенінде орнатылды. Қордың бағалауынша, бұл Қазақстанда жүздеген мың баланың өміріне араша болуға көмектескен.
АЛМАТЫ