Теннис • 05 Мамыр, 2021

Бублик Шаповаловқа шаң қаптырып кетті

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның астанасы – Мадридте жүлде қоры 2 614 465 евроны құрайтын теннисшілердің халықаралық турнирі жалғасуда.

Бублик Шаповаловқа шаң қаптырып кетті

Бұған дейін біз әйелдер сайысында сынға түскен Ярослава Шведова мен Юлия Путинцеваның тұсаукесер кездесулерінде сүрініп, Елена Рыбакинаның екінші кезеңде жеңілгені жайында жазғанбыз.

Пирней түбегіндегі соңғы үмітіміз Александр Бублик еді. Алғашқы айналымда мажарстандық Мартон Фучовичті ұтқан ол одан кейін Денис Шаповаловпен күш сынасты. Израильде туып-өскен 22 жастағы айтулы теннисші бұл күндері Канаданың туы астында өнер көрсетуде. Қазіргі кезде ол АТР тізімінде 13 орынды иеленуде.  Сол саңлаққа қарсы өте сауатты ойнаған жерлесіміз 6:4, 5:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Үшінші айналымда Александр Бублик аргентиналық Диего Шварцман мен ресейлік Аслан Карцев арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады