Аймақтар • 05 Мамыр, 2021

Кәсіпкерлер өңірлерде сұйық майдың бағасын өсірген

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен сәуір айында отандық өндіруші кәсіпорындарда сұйық май 8,6% қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерлер өңірлерде сұйық майдың бағасын өсірген

Биыл сәуір айында оның алдыңғы наурыз айымен салыстырғанда өнеркәсіптік өнім өндіруші отандық кәсіпорындарда баға 4,9% өсті.

Өткен айда тау-кен өндіру саласында баға көтерілді:

- мұнайға 6,5%;

- табиғи газға 1,1%;

- металл кендеріне 0,4%.

Өңдеу саласында баға жоғарылады:

- алюминийге 8,7%;

- мысқа 7,5%;

- ферроқорытпаларға 6,1%;

- мырышқа 5,9%.

Осы салада баға төмендеді:

- қорғасынға 3,9%;

- асыл металдарға 1,3%.

Мұнай өнімдерінен> қымбаттады:

- мазут 9,9%;

- сұйытылған пропан және бутан 3%;

- бензин 2,8%.

Азық-түлік өнімдерінен кәсіпорындарда баға көтерілді:

- өсімдік майына 8,6%;

- құс етіне 3,5%;

- мал етіне 3,1%;

- жармаларға 2,6%;

- қантқа 2,4%;

- макарон өнімдеріне 1,2%;

- бидай ұнына 0,8%;

- күрішке 0,5%;

- сүт өнімдеріне 0,3%.

Бағасы арзандаған азық-түлік:

- қара бидай ұны 7,1%:

- шай 0,2%.

Сондай-ақ электр энергиясымен және сумен жабдықтауда электр энергиясы, оны тарату бойынша қызметтерді қоса алғанда 7,1% жоғарылады, суды бөлу бойынша қызметтер 0,9% төмендеді.