Аймақтар • 05 Мамыр, 2021

Азаматтық алып бермекші болған алаяқ ұсталды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында «азаматтық алып беремін» деп өз танысын алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Азаматтық алып бермекші болған алаяқ ұсталды

Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары кезекті алаяқтық дерегін ашты. Көктөбе ауылының 24 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне 2020 жылдың маусым-тамыз айларының аралығында өзінің танысына Қазақстан Республикасының азаматтығын жасатып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 200 мың теңгесін иемденгені туралы арызданған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 24 жастағы Есік қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында ол өз кінәсін толығымен мойындады. Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.