Әлем • 05 Мамыр, 2021

Қырғызстан президенті жаңа Конституцияға қол қойды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз президенті Садыр Жапаров 11 сәуірде өткен референдумда қабылданған республиканың жаңа Конституциясына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті жаңа Конституцияға қол қойды

Сондай-ақ Жапаров «Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы» Қырғыз Республикасының Заңына қол қойған.

Айта кетейік, негізгі Заңның жаңартылған нұсқасын 79,3 пайыз қолдап, 13,7 пайыз қарсы дауыс берген. Қатысқандар саны 36,6 пайыз болған. Шара 11 сәуірде, бір күнде 28 қала мен 420 аймақта жергілікті сайлаумен өтті.

Кейбір қырғызстандық БАҚ пен азаматтық белсенділер арасында Конституция жобасын «ханституция» деп сынға алғандар да болды.