Аймақтар • 05 Мамыр, 2021

Алматыда індет әлі де күшіне мініп тұр

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың «Алматы» ТА-дағы Акимат Live бағдарламасының тікелей эфирінде келтірген мәліметтері бойынша, соңғы тәулік ішінде Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 645 жағдайы тіркелді, оның 553-і симптомды және 92-сі симптомсыз. Тәулік ішінде 574 адам емделіп шықты, ал стационарларға 293 науқас түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда індет әлі де күшіне мініп тұр

Бүгінде инфекциялық стационарларда жалпы қуаттылығы 6060 төсек орын, 3475 адам бар, оның ішінде 95-і балалар. Амбулаториялық бақылауға 4830 адам алынған, оның ішінде симптомды әрі жағдайлары жеңіл және орташа жеңіл науқастар - 4 240, симптомсыздар - 590.

Алматыда пандемия басталғалы бері КВИ-дің 57 171 жағдайы тіркелді, халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш - 2809,8. Оның ішінде 2021 жылдың басынан бері 4 мамырға дейін 38 650 жағдай тіркелді. Мәселен, қаңтарда - 3607, ақпанда - 2945, наурызда - 9525, сәуірде - 20563 жағдай.

Тәуліктік өсімнің сәл төмендегені (1,4-тен 1,1-ден 1,1-ге дейін) байқалады, соңғы 7 күнде 247,5-тен 243,2-ге дейін, репродуктивтік санның сақталуы- 1,0.

Симптомсыз сырқаттардың жеке үлесі төмендегенімен, симптомды науқастардың үлесі артуда: қаңтар 73%, ақпан 70%, наурыз 78%%, сәуір 86%, 4 мамырда 88,8%; мутацияланған КВИ штаммдарынан туындаған.

Бұрынғыдай, қала тұрғындарының 20-дан 70 жасқа дейінгі белсенді тобы негізгі жұқтырушылар, олар жалпы науқастардың 76%-ын құрайды.

Соңғы 14 күнде КВИ жұқтырған 9590 науқастың ішінде жұмыс істемейтіндер көп тіркелген - 34% , әр түрлі ЖШС, ЖК, АҚ - 23,6%, зейнеткерлер - 17,6%, мектеп оқушылары - 6,8% және мектеп жасына дейінгі балалар арасында 4,7%. Халықтың санамаланған санаттарының жалпы үлесі 87%-ды құрады. Халықтың қалған санаттарының арасында 0,1-ден 2%-ке дейінгі жағдайлар тіркелді, олардың барлығы 13%-ды құрайды.

Сауалнамалар барысында жұқтырудың ықтимал ошақтары базарларда 10,7% деңгейде, сауда нысандарында 28,1% деңгейде тұрақтанды. Қоғамдық тамақтану орындарында жұқтыру деңгейі 5% күйінде қалуда.