Экономика • 06 Мамыр, 2021

Каналдар арқылы су берудің жаңа тарифтері

396 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1 мамырдан бастап Қазақстанда арналар арқылы су берудің орташа өткізу тарифі текше метріне 1,826 теңгеден 2,057 теңгеге дейін, оның ішінде өздігінен ағатын су беретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 0,376 теңгеден 0,66 теңгеге дейін ұлғаяды.

Каналдар арқылы су берудің жаңа тарифтері

Ұлттық экономика минис­трлігінің Табиғи монополиялар­ды реттеу комитеті депар­та­ментінің тиісті бұйрығы 1 ма­мырда күшіне енеді. Еске сала кетейік, Экология, геология және табиғи ресурстар ми­нистрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК арналар арқылы су беруге ар­налған тарифтің әділ деңгейін белгілеу туралы ұсынысқа бастама жасаған болатын.

Қазақстандағы жерүсті көз­дерінен арналар арқылы су беру тарифтері (су тарифтері) ирригация үшін сумен жабдықтау жүйелерін пайдалануға және оларға техникалық қызмет көр­­се­туге жұмсалатын бар­лық шығындарды жабу үшін жет­­кіліксіз және ауыл шаруа­шы­­лығындағы өндірістік шы­ғындардың елеусіз бөлігін ғана құрайды. Мәселен, судың орташа ағымдағы құны негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруге жұмсалатын шығын­дардың 1%-дан кемін құрай­ды. Сонымен қатар қара­жат­тың жетіспеушілігінен ин­фрақұрылымның нашарлауы судың көп мөлшерде жо­ға­луына әкелуде. Ауыл шаруашы­лығында шығындар 45%-ға жетеді. Сон­дай-ақ тариф белгі­леудің қа­зіргі құрылымы, әсіресе ауыл ша­руа­шылығында, су ресурстарын тиім­ді пайдалануды ынталандырмайды. Тариф соңғы тұтынушыға судың эко­но­микалық құндылығы бар екенін және оны ұтымды бөлу және пайдалану керектігін көрсетуі керек. Осылайша, суды пайдаланудың тиімділігін арттыру, оны үнемдеуге ынталан­дыру және тиісті пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ауыл шаруашылығындағы ин­фрақұрылымды болашақта дамыту үшін жеткілікті түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында  Үкіметтің 2018 жылғы 28 жел­тоқсандағы №904 қаулысымен бекітілген суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарында суармалы суды беру тарифін 10 жыл ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шығындарының үлесін 4% - ға дейін біртіндеп жет­кізу айқындалған.