
Сервис барлық қызығушылық танытқан тұлғаға негізгі қазақстандық телеарналардың аудиториялық көрсеткіштерімен тікелей режімде танысуға мүмкіндік береді.
Онлайн-сервис интернет желісінің барлық пайдаланушысына министрліктің ресми сайтындағы мына мекенжай бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/inf/page/top10frame?lang=kk
Көрсеткіштерді MediaHills компаниясы TNS Central Asia («Kantar») компаниясының телеөлшеу панелінде ID TV-ден бөлек басқа да ТВ-операторлардың желісінде телеарналардың аудиториясын анықтаудың динамикалық жүйесін пайдалана отырып өңдеді.
Аталған онлайн-сервис TNS Central Asia (Kantar) және MediaHills зерттеу компанияларының стратегиялық серіктестігінің, сондай-ақ министрліктің медиаөлшеулер жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс тобының сараптамалық жұмысының нәтижесінде іске қосылды.
Министрліктің сайтында ұсынылған аудиториялық көрсеткіштер Қазақстанның 21 қаласындағы (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Рудный, Семей, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз) 400 мыңнан астам үй шаруашылығы бойынша қалыптасады.
Қазіргі уақытта сервисте телеарналар үлесі жөнінде (талданып жатқан уақыт аралығында кез келген талданып жатқан республикалық телеарнаны қараған барлық телекөрерменнен пайыздық тұлғалаудағы телеарна көрермендерінің саны), әр минут сайын қамту (минутына бір рет болсын телеарнаны қараған телекөрермендер саны) және телебағдарламаларды қамту (нақты бір телебағдарламаны қараған бірегей телекөрермендер саны) көрсеткіштері қолжетімді.
Сервисті іске қосу телекөрерменнің талабына жедел түрде жауап беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ қазақстандық теледидар контентінің бәсекелестігін одан әрі арттыруға жол ашады деп күтілуде.