Аймақтар • 06 Мамыр, 2021

Қарағанды облысындағы 127 ауылда интернет жоқ

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында 127 ауылда әлі күнге дейін сапалы интернет байланысы жоқ. Бұл мәселе ұялы байланыс операторларымен болған онлайн-кеңес барысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысындағы 127 ауылда интернет жоқ

Жиынға ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек қатысты. Отырыс барысында ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету үшін іске асырылған және жоспарланған МЖӘ жобалары туралы айтып берді.

«Осы уақытқа дейін бұл бағытта біршама шаралар қолға алынды. Соған қарамастан нәтиже мардымсыз, 127 ауылда әлі күнге дейін сапалы интернет байланысы жоқ. Пандемия кезінде ауыл мектептерінің жартысына жуығы қашықтан оқыту мүмкіндігі болмаған соң штаттық режимде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Өңірлерге жұмыс сапарлары кезінде мен өзім байланыстың жоқтығының куәсі болып жүрмін. Кездесулерде тұрғындар жолдарды жөндеумен қатар, интернетті де қолжетімді етуді сұрайды. Бүгінде бұл өмірлік қажеттілік», деді өңір басшысы.

Жеңіс Қасымбек ұялы байланыс операторларына бірлескен жол карталарын әзірлеуді ұсынды.

«Сіздердің компанияларыңызға не байланысты және бізден қандай қолдау қажет екенін зерттеп, жауапкершілік аясын анықтаймыз. Ай сайын не істелгенін, қандай себептерге байланысты кідірістер болғанын жеке бақылаймын», деді облыс әкімі.

Асхат Оразбек министрлік төрт ірі оператор бойынша талдау жасағанын хабарлады. Оның пікірінше, компаниялар инфрақұрылымды пайдалануда ынтымақтасуы керек.