Оқиға • 06 Мамыр, 2021

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы сотталды

283 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы Жамал Жаманбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша Ақтау қалалық сотының үкімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы сотталды

Сотта анықталғандай, Жамал Жаманбаева Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы бола отырып, белгіленген қызметтік міндеттер мен шектеулерге қайшы әрекетке барып, 2020 жылдың тамызында «Сentropharm» ЖШС-мен бір жерден COVID-19 инфекциясының ел аумағында таралуына байланысты 222 000 000 теңге сомасындағы 6 жылжымалы рентген аппаратын сатып алу туралы келісім жасасқан.

Жабдықтарды сатып алу үшін 2020 жылдың бюджеттік жоспарына бюджеттік өтінім жолдап, онда нарықтық құннан да жоғары баға көрсетілген. Қысқасы, облыстық мәслихаттан медициналық техниканы сатып алуға қаражат бөлу сұралған, нәтижесінде қалалық мәслихаттың шешімі бойынша ол қаражат бөлінген. 

«Алайда, мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету талаптарына сәйкес, бұл арада облыстық қазынашылық департаментінің келісімі тіркеуден өтпей қалады. Осыдан кейін Ж.Жаманбаева ведомствосына бағынышты медициналық мекемелер арқылы сатып алу мақсатында аудандық емханалардың директорларымен жылжымалы рентген аппараттарын сатып алу үшін «Сentropharm» ЖШС-мен келісім жасасуды талап еткен», деп хабарлады сот. 

Жамал Жаманбаева қымбат бағада жабдықтарды сатып алу арқылы мемлекетке 29 540 000 теңге залал келтірген. 

«Сотқа дейінгі тергеу барысында ол кінәсін мойындады, келтірілген зиянның орны толтырылды, соған байланысты кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды. Сот талқылауында сотталушы өз кінәсін мойындады, қылмыстық іс материалдары негізінде жиналған дәлелдемелердің маңыздылығы мен рұқсат етілуіне қатысты дау тудырмады», деп атап өтті сот. 

Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының кәмелетке толмаған балалары барын, оның жақсы жақтарын, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы және жазасын жеңілдететін басқа да мән-жайлар ескерілді. Сот жазаны ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. 

Сот үкімімен Жамал Жаманбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын арқалап, кінәлі деп танылды. Мемлекеттік қызметте, судьяда, жергілікті атқарушы органдарда, Ұлттық банкте және оның құрылымдық бөлімшелерінде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. 

Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Айта кетейік, ол Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып 2020 жылдың мамыр айында тағайындалды. Бұған дейін ол көптеген жылдар бойы Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығын басқарған. Оның қамауға алынғаны туралы ақпарат 2021 жылы 4 ақпанда белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025