«Zhontong автобусының жүргізушісі Науаи көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жаяу жүргінші №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», деді Алматы қаласы ПД анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры Олжас Шәріпов.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.