Спорт • 07 Мамыр, 2021

Азамат Дәулетбаев жолдамаға иелік ете алмады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде Болгарияның астанасы – Софияда күрес түрлерінен Олимпия ойындарының соңғы жолдамалары сарапқа салынуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азамат Дәулетбаев жолдамаға иелік ете алмады

Жарыстың алғашқы күні еркін күрес шеберлері боз кілемге шықты.

Қазақстан құрама командасы мүшелері арасында тек 86 кило салмақ дәрежесінде ғана жолдама жоқ еді. Софияда сол жалғыз лицензия үшін Азамат Дәулетбеков таласты. Сәуір айында Алматыда өткен турнирде дәл осы балуанға сенім артылғаны есімізде. Өкінішке қарай, ол жарыста қандасымыз жергілікті жанкүйерлердің үмітін ақтай алмады. Содан бапкерлер ойлана-толғана келе Дәулетбековке тағы бір мүмкіндік беруді құп көрді.

Болгариядағы турнирдің бастапқы бәсекелерінде Азамат венесуэлалық Педро Себаллос Фуента (10:0) мен германиялық Ахмед Дударовтан (6:5) басым түсті. Ширек финалда қазақ спортшысы әзірбайжандық Әбубакр Абакаровпен айқасты. Бұл белдесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Алайда жасалған әдістің сапасына байланысты жеңіс Қап тауы қыранының еншісіне жазылды. Осылайша,Азамат Дәулетбеков Токио Олимпиадасында бақ сынайтын балуандардың тізіміне қосыла алмады.