Спорт • 08 Мамыр, 2021

Бублик жартылай финалға шыға алмады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан жүлде қоры 2 614 465 евроны құрайтын халықаралық турнирдің ширек финалында ұтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бублик жартылай финалға шыға алмады

Пиреней түбегіндегі АТР турнирінің алғашқы айналымдарында мажарстандық Мартон Фучович пен канадалық Денис Шаповаловты ұтқан жерлесіміз 1/8 финалда әлемнің 27 ракеткасы, ресейлік Аслан Карцевті жеңген еді. Ширек финалда оның жолы норвегиялық Каспер Руудпен қиысты. 1 сағат 9 минутқа созылған бәсекеде Скандинавия түбегінен келген ойыншының пайдасына шешілді. Есеп – 5:7, 1:6.

Жартылай финалда Каспер Рууд пен италиялық Матео Берреттини және германиялық Александр Зверев пен аустриялық Доминик Тим күш сынасады. Ал финалдағы сайыс 9 мамырда өтеді.