Спорт • 08 Мамыр, 2021

Бұрымдылар Софияда сәтсіз өнер көрсетті

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Болгарияның астанасы – Софияда күрес түрлерінен Олимпия ойындарының соңғы жолдамалары сарапқа салынуда. Жарыстың екінші күні әйелдер күресінен бәсекелер өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрымдылар Софияда сәтсіз өнер көрсетті

Әйелдер күресінен біздің спортшылар бұған дейін үш лицензияға иелік еткен еді. Ол жолдамаларды Валентина Исламова (50 кило), Татьяна Ахметов (53 кило) және Елмира Сыздықова (76 кило) еншілеген еді. Соңғы сынақта Алтынай Сатылған (57 кило), Айна Теміртасова (62 кило) және Жамиля Бақбергенова (68 кило) сайысқа түсті. Бірақ үшеуінің де жолы болмады.

Алтынай тұсаукесер кездесуінде швециялық Йонна Лионборгтан таза ұтылды. Айна польшалық Александра Волжинскаға еш қарсылық көрсете алмады. Ал Жамиля жартылай финалға дейін жетті. Бастапқы бәсекелерде беларуссиялық Анастасия Зимянкова пен италиялық Далма Каневаны қапы қалдырған қазақ қызы шешуші тұста әзірбайжандық Элис Маноловаға екі ұпай айырмашылығымен жеңілді.