Аймақтар • 08 Мамыр, 2021

99 жастағы майдангердің ауласында полиция концерт қойды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО ПД мәдени орталығының қызметкерлері Бостандық көшесіндегі 54-ші үйдің ауласында 99 жастағы майдангер Григорий Красильниковке арнап шағын концерт қойып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

99 жастағы майдангердің ауласында полиция концерт қойды

Ведомство бастығы, генерал-майор Марат Төлебаев Григорий Красильниковті келе жатқан жарқын мереке – Жеңіс күнімен құттықтады. Майдангерге Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтау жеделхаты табысталды, сондай-ақ оған түрлі сыйлықтар берілді.

Мамырдың осынау шуақты күнінде аулаға балаларын ерте келген көршілерге де толды. Олар полицейлерді қошеметтеп қарсы алып, отты жылдарда айтылған "Тучи в голубом", "Здесь птицы не поют", "Смуглянка", "День Победы" сияқты әндерді тыңдады. Бүлдіршіндерге осыдан тура бір ғасыр бұрын, 1921 жылы туған ішкі істер органдарының ардагерін көру, онымен әңгімелесу бақыты бұйырды.

Гвардия аға сержанты Г.Красильников үйіне1945 жылдың қараша айында оралған. КСРО ІІМ Свердловск мектебін бітіргеннен кейін Солтүстік Қазақстан облысына жіберіледі. Ширек ғасырөмірін ол қылмыстық-атқару жүйесіндегі жеделқызметке арнаған.

Жалпы, СҚО ішкі істер органдарында 700-ден астам майдангер еңбек еткен. Ұлы Жеңістің 76 жылдығын олардың тек екеуі - Григорий Красильников пен Никита Семенов қарсы алуда. 10 мамыр күні полиция генерал-майоры Марат Төлебаев Никита Герасимовичке де барып, 101-ші туған күнімен құттықтайды.

Солтүстік Қазақстан облысы