Аймақтар • 10 Мамыр, 2021

Теміртауда мылтықпен оқ атқан ер адам ұсталды

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде жанжалдасып қалған баласы үшін атыс шығарған теміртаулық әкенің видеосы қызу таралып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміртауда мылтықпен оқ атқан ер адам ұсталды

«9 мамырда жедел-іздестіру шарасы барысында Теміртау полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. «Armsan» маркалы тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», деді ПД баспасөз қызметі өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін Теміртауда балалар арасындағы жанжал атыспен аяқталғаны хабарланған болатын. 8 мамырда кешке Теміртаудағы 8-ші шағын аудан аулаларының бірінде екі кәмелетке толмаған бала арасында жанжал туып, оларды ажырату үшін әкелері шыққан. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі 32 жастағы қарсыласының бетінен ұрған. Кейін соққы жеген ер адам үйінен мылтық алып шығып, екі рет ауаға оқ атып, қашып кеткен.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Ажалдан арашалап алды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Көрісу күнінің кереметтері

Наурызнама • Бүгін, 08:00