Аймақтар • 10 Мамыр, 2021

Павлодарда мектеп қызметкерлері 9 жылдан бері ақша жымқырған

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауылдық мектептердің бірінде қызмет атқарған есепші мен информатика пәнінің мұғалімі 9 жылдан бері алаяқтық әрекеттерін кәсіпке айналдырған, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда мектеп қызметкерлері 9 жылдан бері ақша жымқырған

«2011 жылы мүғалімнің шотына 1,3 млн теңге, 2012 жылы 2 млн теңге түскен. Жыл сайын жымқырылған қаржы көлемі осылай ұлғайып отырды», делінген Павлодар облыстық сотының хабарламасында.

Белгілі болғандай, есепші қызметкерлердің жалақысы бойынша құжаттарды толтыру кезінде информатика пәні мұғалімінің шотына артық сома аударып келген. Кейін ұстаз бен бухгалтер сол соманы өзара бөлісіп алып отырған.

Алайда мектептің қызметкерлері кінәларын мойындаған жоқ. Мұғалім артық сома туралы әңгімені бірінші рет естіп тұрғанын айтса, есепші қаржыны ұстаздың өз өтініші бойынша аударып, кейін одан бір тиын да алмағанын алға тартады.

Дегенмен, айғақтар мен куәгерлердің сөздері айыпталушылардың кінәлі екенін растады. Сөйтіп, мұғалім 5 жылға, ал бухгалтер 6 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.