Елорда • 10 Мамыр, 2021

Елордада 22 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

1772 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық полицейлер көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада 22 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

Сағат 04:30-да Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» көпірінен ер адам секірейін деп тұрғаны хабарланған. Полицейлер келген уақытта ер адам секіріп үлгерген.

«Біз суға секіріп, жігітті ұстап, өзеннің бойына, қауіпсіз жерге шығарып үлгердік», дейді полицейлер.