Аймақтар • 11 Мамыр, 2021

Лобуче шыңын бағындырды

390 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Шыңдар және көк байрақ. Біз не үшін немесе кім үшін өмір сүреміз? Жолдар бізді таңдай ма, әлде жолдарды біз таңдаймыз ба? Мен Лобуче биіктігінде тұрмын, қолымда – ту, жүрегім жиі дүрсілдейді, ал жаным қасымдағы Эверест шыңында.

Лобуче шыңын бағындырды

Сонау алыстағы сияқты 2019 жылы Ама-Даблам (6814 метр) биіктігін бағын­дыр­ғаннан кейін өмір күрт өзгерді. Альпинизм де таулар да өзгеріп, «Күрделілік сана­тындағы» түсініктердің шека­расы жойылды. Бұрын мен тауларға өзім үшін, өз бойым­дағы әлсіз тұстарды тауып, соны жеңу үшін баратын едім.

Қазір батып бара жатқан күнге, құзды шыңдарға қарап отырып, өн бойымды бір алғыс сезімі мен сыйластық билейтінін түсіндім. Біздің жан дүниемізде әлем туады және қайта жаңғырады. Біз тірі болған кезде бізді қор­шаған әлем де тірі. Және мұның бәрін өзіңмен өзің қай­шылықта және бағынған шыңдар басында түсінесің.

Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл – аз ба, көп пе? За­манауи өркениетпен са­лыс­тырсаңыз аз, бірақ оның қан­шалықты көп екендігін әр­кім өзі шешеді. Қарап отыр­­сам, Қазақстанның альпинизм бо­йын­ша құрама коман­дасының барлық жеңісі Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойларымен орайласыпты. Алайда басқа да айтулы дата мен себеп жеткілікті болатын. Бірақ дәл тәуелсіздік біздің өміріміздің мағынасы және біздің қоғамымыздың бірегейлігі. Тағы бір биіктік артта қалды, алда Отанға апарар жол күтіп тұр. Қазір Не­палдағы эпидемиялық ахуал­дың тұрақтанып, халықаралық әуе рейстері қалпына келеті­ніне үміт артамын. Осы жолда маған тілектес болған барша­ңызға алғысым шексіз!», деп жазады Лобуче сияқты әлем­нің ең құзар шыңдарын ба­ғындырған жерлесіміз Мақсұт Жұмаев сонау Үндістаннан.

Орайы келіп тұрғанда, Катманду – альпинистердің Меккесі екендігін айта ке­телік. Осылайша, қазақ аль­пи­нисі Мақсұт Жұмаев Тә­уелсіздіктің 30 жылдығына орай, Қазақстан туын Гималай ал­тылығында – Лобученің оң­түстік шыңына алып шық­ты.

шгш

Танымал спортшы Кат­­мандуға қайтқаннан кейін қа­зақ­стандық БАҚ өкіл­де­рімен бай­ланысқа шықты. Оның сөзінше, Непалда эпидемия­лық жағдайға байланысты локдаун жарияланған. Мақ­сұт Жұмаев әуе билеттерін қайтаруға мәжбүр болған, ен­­ді карантиннің жеңілдеуін кү­тіп отыр. Алайда альпинист өз мис­сиясын тағы да абыроймен атқарды.

«9 мамырда 11.30-да 6119 метр биіктіктегі Лобуче шы­ңын бағындырдық. Түн­гі 03.00 шамасында шық­тық, ауа райы жақсы болды. Айналамыздағы сегізмыңдықтар анық көрініп тұрды. Бірақ сағат таңғы 09.00 шамасында ауа райы бұзылып кетті, қар жауып, көру 50 метр­­ге дейін нашарлады. Қар жау­ғанына қарамастан тоқ­тамадық, тек қадамды бәсең­деттік. Тобымыз асықпай шың­­­ға жетті»,  деп хабарлай­ды Жұмаев.

Спортшы шыңда ұзақ уақыт тұрмаған. Шамасы кел­генше өзіне аманатталған ту­лармен суретке түсіп, құт­тықтау видеосын түсірген. Шың басында көп кідірмей, қайту керек болған.

Қазақстанның Тәуелсіз­ді­гіне 30 жыл тол­ғанын дү­ние жү­зіне таны­туды көз­­­деп бар­ған қазақ­стан­дық спортшы қазір Кат­ман­ду­да. Жұмаев миссия­сын орын­дағаннан кейін Қазақ­станға тезірек орал­ғысы ке­летінін айтады.

 

АЛМАТЫ