Аймақтар • 11 Мамыр, 2021

Атыраулық жүргізуші полициядан қашқаны үшін жазаланды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда полиция қызметкерлерінен қашып кеткен жүргізуші 291 700 теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраулық жүргізуші полициядан қашқаны үшін жазаланды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, түнгі сағат 1:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы «Бармаглот» мейрамханасының тұсында «Ваз 2110» маркалы автокөлігінің жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін тоқтатпақ болған. Бірақ, автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінен қашып кеткен.

«Кейін аталған автокөлікті тоқтатқан кезде 23 жастағы жүргізушінің полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қарсылық танытқан. Жүргізушінің көлік басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Сол себептен, көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 667-бабының 1-бөлігімен (Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Сондай-ақ 596-бабының 5-бөлігімен (Жүргізуші куәлігі жоқ күйде жолдың қарама-қарсы бағытына шығу), 612-бабының 2-бөлігімен (Жүргізу құқығы жоқ күйде), 613-бабының 1-бөлігімен (Полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамау) әкімшілік хатттамалар толтырылып, 291 700 теңге көлемінде айыппұл салынды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар