«10 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының 102 нөміріне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Әл-Фараби даңғылымен жүріп келе жатқан Toyota Camry көлігінің 51 жастағы жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, онда 32 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Shacman ауыр жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды», делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.