Аймақтар • 11 Мамыр, 2021

Павлодарда бірнеше пәтер өртеніп, 49 адам эвакуацияланды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 мамыр күні сағат 02.57-де Павлодар қаласының Сибирская, 85 мекенжайында орналасқан он қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы бір бөлмелі үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда бірнеше пәтер өртеніп, 49 адам эвакуацияланды

«Анықталғандай, сол пәтердің балконындағы үй заттары, терезенің ағаш жақтауы, ал бөлмесінде – үй заттары мен жиһаз өртеніп жатқан. Іргелес жатқан үш бөлмелі пәтердің балконындағы ағаш жақтау күйген», деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мәліметінше, одан жоғары орналасқан алтыншы қабаттағы екі пәтер терезелерінің ағаш жақтаулары мен үй заттары өртенген.

Өрттің жалпы ауданы - 11,5 шаршы метр. Өрт сөндірушілер келгенше бұл кіреберістен 49 адам, соның ішінде 11 бала өз бетінше эвакуацияланды.

«Апаттар медицинасы қызметіне демікпе диагнозымен 1967 жылы туған әйел келіп, көмек сұраған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді», деді департаменттен.

Өрт сағат 03.37-де сөндірілді. Оқиғаның себебі мен келген шығын анықталып жатыр.

Оқиға орнына ТЖ департаменті жеке құрамының 26 қызметкері мен жеті техника, апаттар медицинасы орталығы, 102 қызметкерлері шыққан.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.