Оқиға • 11 Мамыр, 2021

Жарылыс туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Степногор қаласында жарылыс қаупі туралы жалған хабар берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарылыс туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, 10 мамырда сағат 13:00-де Степногор қалалық ПБ кезекші бөліміне ұялы телефоннан ер адам хабарласып, 5-шағынауданда жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

Тексеріс барысында тәртіп сақшылары ешқандай бомбаны таппады.

«Жедел-іздестіру шарасы аясында полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол 2019 жылы да осындай қылмысы үшін жауапқа тартылған» деді ведомстводан.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.