Парламент • 11 Мамыр, 2021

Мәулен Әшімбаев коронавирустан жазылып шықты

1119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирустан жазылып шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев коронавирустан жазылып шықты

Бұл туралы Сенат төрағасы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Құрметті достар!

Соңғы тапсырған екі ПТР сынамасының нәтижесі ойдағыдай болып, індеттен жазылып шықтым. Соған байланысты екі аптаға жалғасқан карантиннен кейін бүгін қайтадан қалыпты жұмыс форматына көшкенімді хабарлаймын.

Жалпы, осы уақыттың ішінде бойымда аурудың ешқандай белгілері байқалған жоқ. Сондықтан жұмысымды тоқтатпай, қашықтан атқарып отырдым.

Осы ретте жылы лебіздеріңізбен қолдау көрсетіп, тезірек сауығып кетуіме тілектестік білдірген баршаңызға алғысымды жеткізгім келеді. Мен үшін мұның маңызы зор.

Алдымызда елдік мүдде жолында атқаратын әлі талай ауқымды міндеттер тұр. Соларды іске асыру кезінде де өздеріңізбен үнемі байланысты боламыз деп сенемін.

Өкінішке қарай пандемия қаупі әлі сейілген жоқ. Сондықтан сақтық шараларын ұстанып, медицина қызметкерлері мен мамандардың ұсынымдарын барынша орындауымыз керек. Бұл – өзімізбен бірге туған-туыстарымыз үшін де аса маңызды.

Баршаңызға зор денсаулық тілеймін! Аман болыңыздар.