Аймақтар • 11 Мамыр, 2021

Ақмола облысында мектеп оқушысы пойыздың астына түсіп көз жұмды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Ерейментау станциясында 10 жастағы мектеп оқушысы пойыз астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында мектеп оқушысы пойыздың астына түсіп көз жұмды

Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Баттал Ыбраевтің айтуынша, қайғылы оқиға 10 мамырда болған. Теміржол станциясы мектеп оқушысының үйіне жақын орналасқан.

«Оқиғаға байланысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 4-сынып оқушысы теміржолдың рұқсат етілмеген жерінен өтпек болған. Ол жерде белгіленген теміржол өтпесі жоқ. Одан әрі көпір бар, автобустар жүреді. Бала, өкінішке орай, осы уақытта ересектердің қадағалауынсыз болған», деп түсіндірді Б.Ыбраев.

Сондай-ақ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталған факті ҚР ҚК-нің 344-бабы 2-бөлігімен Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Тергеу жүргізілуде, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді», деп толықтырды ведомстводан.