Көңіл деген қызық құбылыс. Менің ойымша, осы күнге дейін оның ұшығына жеткен ешкім жоқ. Бірақ көп адам оның өте қасиетті дүние екенін біледі. Сондықтан адам көңілін қалдырмауға тырысады. Өз көңілін де таза сақтауға ұмтылады. Көңілін қалдыратын жерге, ортаға көп жоламайды.

Атам қазақ «алдымен өмір қымбат, содан кейін көңіл қымбат» деген сөзді тегін айтпаған екен. Демек көңіл жеке адам баласының өзі үшін өмірден кейінгі қымбат дүние болып тұр ғой. Осы сөздің құндылығы қазір, мына біздің дамыған ғасырымызда барынша ашыла түсуде. Дәрігерлердің өзі көп адамның ауруы осы көңілден басталатындығын айтады. Егер адамның көңілі таза болса, онда ол жүйке ауруына шалдықпас еді. Ал жүйке ауруларының кеселдері қазіргі қоғамымызда өршіп тұр деуге болады.
Жүйке ауруларының тарихына аздап зер салсақ, олар негізі материалдық игіліктер ерте дамыған елдерден, қамалдар мен замоктар, түрмелер тұрғызған халықтардан, яғни Батыс елдерінен басталған. Дегенмен Батыс елдері өздері қолдан жасап алған материалдық игіліктеріне, технологияларына сүйене отырып жақсы, мәдениетті қоғам қалыптастыра білді. Олардың кез келген проблемаға қарсы тұру амалдары бар. Көңілдерін де шектеп ұстайтындығын аңғаруға болады. Себебі оларда кез келген нәрсені реттеп отыратын және орындалуы қатаң да күшті заң жүйесі бар. Соның нәтижесінде Батыс елдерінде қазір заңның орындалуы дәстүр есебінде бекіді. Азаматтарының көңілі көп жағдайда дұрыс болып келетіні де содан. Олар өздері қысылса, көмекке келетін заңы мен қоғамы барын жақсы біледі. Ал көп тәжірибені Батыстан алып отырған бізде әзірге заң да, қоғам да дұрыс әрекетке түспей отыр. Қазақ қоғамын реттейтін жақсы дәстүрлердің көбі баяғыда, әсіресе қазақтар қалаларға қопарыла көшкен тұстары далада қалды.
Егер бұрынғы жағдайымызға сүйенсек, атам қазақ негізі көңілімен бай болған. Оның қолында көп материалдық игілік болмаған. Басты байлығы – мына алып даламыз, содан кейін сол далаға және онда жүретін табиғи құбылыстарға сәйкес қалыптасқан дәстүрі болған. Байтақ дала, асқар таулар, онда өскен ағаштар мен жануарлар әлемі, дала төсінде сирек кездесетін көлдер мен өзендер, таза тұмалар мен бұлақтар – көңілдің бірінші емшісі секілді дүниелер. Ал дәстүр – сол далада жалғыз атпен келе жатқан қазақтың қолына берілген мандат секілді нәрсе. Жолаушы қазақ өзі танымаса да, жолда кездескен кез келген қазақтың үйіне барып түсе алады. Қазақ өзімен бірге көп тамақ арқаламайды. Ер азығы мен бөрі азығы жолда деп есептейді. Жеке адамның басындағы қайғысы мен қуанышты бүкіл халық болып бөліседі. Ешкімді далада қалдырмайды. Қазақтың осы дәстүрінің қасиетін қазір Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдары біздің елімізге жер аударылып келген ұлттар өкілдері жыр етіп айтуда. Ал басқыншылықпен келген адамдар болса, олар үндемейді. Өйткені бұл дәстүрлік жүйе олардың тартып алу саясатына қарсы әрекет етеді. Ақылды адамдардың бәрі мұны түсінеді.
Біздің қазіргі қоғамымызда көңілдің дұрыс болуы – ауадай қажеттіліктердің бірі. Мемлекет те шамасы келгенінше қоғамдық көңіл күй мәселесін ретке келтіруге ұмтылуда. Дәстүрі бұзылған, оның Батыстағы секілді орнын басуға тиіс заңдары жетілдіріліп, қатаң сақталатын және орындалатын жағдайға жете қоймаған елде бұл оңай шаруа емес екені белгілі. Бұл ретте, бірінші кезекте, сол заңдылықтарды сақтайтын құқық қорғау органдарының жұмыстарын реттеу қажеттігі айналамыздағы өмірден тайға таңба басқандай көзге шалынып қалады. Егер осы мәселе реттелсе, көңілі кең қазақты митингісіз-ақ сабасына түсіруге болар еді деп ойлаймын.
Иә, қазақ – көңілі кең халық. Ол көңіл кеңдігін халқымыз, жоғарыда айтқанымыздай, ешбір діннен де, саяси жүйеден де емес, көрсең көзің қуанатын байтақ даласынан, сол далаға сәйкес мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрінен алған. Еліміздің заң шығару органдары мен институттары осы мәселені ескерсе жөн болар еді. Ал бізде әлі күнге дейін басқа елдердің заңдарын көшіріп алуға деген құмарлық басым. Егер біздің заң шығармашылық қызметімізде қандай олқылықтар бар десе, бірінші кезекте, осы мәселені атаған болар едім.
Біздің ұлттық ерекшеліктеріміз, қазіргіше айтсақ менталитетіміз ескерілмей қабылданған заңдардың қоғамдық ортада дұрыс жұмыс істеп кетуі қиын-ақ. Қабылданған заң қоғамдық көзқараспен, қоғам күткен әділдікпен қайшылыққа түссе, ол дұрыс заң болып есептелмейді және мұндай заңдардың қоғам тарапынан орындала қоюы екіталай. Өйткені осы уақытқа дейін ескермей келе жатқан, бірақ жеке адам үшін де, қоғам үшін де маңызы зор көңіл атты төреші оны қабылдамайды.
Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 13:53
Қытай Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:43
Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады
Руханият • Бүгін, 13:31
Пәтер тұрғындарын банк қосымшасы арқылы тіркеуден шығаруға болады
Қоғам • Бүгін, 13:20
БҚО-да жол апатынан екі сәби зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 13:10
Жас теннисшілер ITF турнирінде жүлделі болды
Теннис • Бүгін, 12:53
Ауыл жастары құрған компания 2,4 млн доллар инвестиция тартты
Қоғам • Бүгін, 12:45
«ҚазТрансГаз Аймаққа» 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Қазақстан • Бүгін, 12:38
Мұнай бағасы 1 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 12:30
Алматыда қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Үкімет • Бүгін, 12:12
«Канело»: Головкинді нокаутпен жеңемін
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 12:08
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:52
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 11:46
Ерболат Досаев алматылықтарға үндеу жасады
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Суға шомылу ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 11:25
Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Ұқсас жаңалықтар