Экология • 12 Мамыр, 2021

Алматы облысында заңсыз марал аулаған тұрғын ұсталды

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында маралды заңсыз аулаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында заңсыз марал аулаған тұрғын ұсталды

Осы жылдың 9 мамырында Кеген ауданының ПБ-не 63 жастағы Алматы қаласы тұрғынының Кеген ауданы Саты ауылына қарасты жерде заңсыз аңшылық жасағандығы туралы хабарлама түскен.

Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

«Алматы қаласының тұрғынынан аңшылық мылтығы, аңның етіне ақ түсті үш дана қапқа салынған ет заттай дәлелдеме ретінде алынды. Және оның жүргізуіндегі «Toyota Tacoma» маркалы автокөлігі айып тұрағына қойылды. Қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, өзінің аталған мылтығымен бір бас марал аңын атып, сойып алғанын айтты. Тәркіленген заттық айғақтар сараптамаға жіберілді. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты жария етілмейді»,  деді Кеген АПБ бастығы Ерлік Стамшалов.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

.