Қазақстан • 12 Мамыр, 2021

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 12 мамыр күні 00 сағат 12 мин 20 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 200 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8,5. MPV магнитудасы – 4,1. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түскен жоқ», делінген Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы ақпаратында.