Аймақтар • 12 Мамыр, 2021

Нұр-Сұлтанда тағы бір сауда орталығында вакцинация пункті ашылды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада тағы бір ірі СОО – «Сарыарқада» коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда тағы бір сауда орталығында вакцинация пункті ашылды

«Сауда орталықтарында вакцинация пункттерін ұйымдастыру жұрт арасында екпеге деген сұранысты көрсетеді. Қазіргі уақытта қаладағы 9 сауда кешенінде 15 мыңға жуық адам вакцина алды. Қала тұрғындары үйіне, жұмысына жақын жерде егу пункттерін ашу туралы жиі жүгінеді. Осылайша, біз халыққа ыңғайлы болу үшін қаланың барлық ірі сауда нүктелерін қамтып отырмыз», деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қала бойынша дозаның бірінші компонентін 132 мыңнан астам адам алды.

«Сарыарқадағы» егу орны екінші қабаттағы эскалатордың оң жағында орналасқан.

Бүгінде елордада «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталықтарында, «Биг Шанхай» сауда кешенінде, орталық базарда, «Әлем» және «Астаналық» сауда орталықтарында вакцинация пункттері жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар