Қоғам • 12 Мамыр, 2021

2026 жылы Байқоңырдан «Протон» зымырандарын ұшыру тоқтатылады

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылы Байқоңырдан «Протон» зымырантасығышын ұшыру тоқтатылады. Бұл туралы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылы Байқоңырдан «Протон» зымырандарын ұшыру тоқтатылады

«2016 жылы Ресеймен жыл сайын «Протон» зымырантасығыштары бес реттен артық ұшырылмайтыны туралы келісім жасалған және ол 2026 жылға қарай мүлде тоқтатылады»,  деді Мусин мәжілістің жалпы отырысында.

Ол Ресей 2020 жылы Байқоңырдан «Протон» зымырантасығышын тек бір рет ұшырғанын, ал 2021 жылға арналған ұшыру жоспары әлі алынбағанын айтты.