Білім • 12 Мамыр, 2021

Көкшетауда мұғалім жоғалып кетті

1630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен мұғалім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық ПД-не сілтеме жасап.

Көкшетауда мұғалім жоғалып кетті

«10 мамырда полицияның кезекші бөліміне Солтүстік Қазақстан облысы ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғынынан ұлын іздеуге көмектесу туралы өтініш түсті. 1989 жылғы Теміржанов Бахтияр Талғатұлы 7 мамырда Көкшетаудағы үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған, оның қайда екендігі әлі белгісіз»,  деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жоғалған адам дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екені белгілі болды. Жоғалған адамның белгілер: бойы 175-180 см, дене бітімі жұқалау келген, шашы қара, қысқа қиылған, құлақтары орташа, көздері қысыңқы, қоңыр түсті. Үстіне сұр джинсы, қара көк куртка, аяқтарында қоңыр түсті аяқ киім киген. Ерекше белгілер: астыңғы ернінің төменгі жағында меңі бар.

«Ер адамның тұрған жерін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның барысында барлық таныс және жақын адамдардан жауап алынды. Барлық камералар қаралды, бірақ ер адамның орналасқан жерін табу мүмкін болмады», деді ведомство өкілі.