Тарих • 12 Мамыр, 2021

Сұркөжектің соңғы мәресі

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шет ауданының ор­талығы Ақсу-Аю­лы кентіндегі архео­ло­гия­лық-этно­графиялық музейде ерекше жәдігер сақ­таулы тұр. Мұ­ра­жайға келушілер аталған экспонаттың жа­нына міндетті түр­де аялдап, қатты қы­зы­ғушылық танытады.

Сұркөжектің соңғы мәресі

Музейдің төріне қо­йылған бұл жәдігер – заманында бәйгенің алдын бермеген ерен жүйрік Сұр­көжек деген аттың бас сү­йегі. Осы аудандағы Тал­ды ауылының тумасы Жұ­мажан Жахметжанов деген кісіге тиесілі тұлпар жа­сы жиырмаға келгенше ала­манға шауып жүріпті. Бұрынғы Жезқазған облысы бойынша ол озбаған бәйге кемде-кем болған екен.

Жергілікті ақын Марат Шәйкенің «Сұр­кө­жек» атты поэмасында мынадай жолдар бар:

Атағын Сұркөжектің ел білетін,

Бәйгенің алдын бермей кеп жүретін.

Қуандық, Қаракесек, қалың Найман

Ат тумас енді мұндай деп жүретін.

 

Бұдан бөлек, текті тұл­пардың тарихын зерттеуші ақын, филолог, тарихшы Құдай­берлі Мырзабек те «Сұр­көжек» атты деректі дастан жазып қалдырған.

Сұркөжек аттың басын музейге иесі 2018 жылы тапсырыпты.

 

Қарағанды облысы,

Шет ауданы