Аймақтар • 12 Мамыр, 2021

Қарағанды – Балқаш бағытында айналма жол саны қысқарды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды – Балқаш тасжолында айналма жол саны қысқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды – Балқаш бағытында айналма жол саны қысқарды

Айта кетсек, Қарағанды облысында «Орталық – Оңтүстік» көлік дәлізіне кіретін Қарағанды – Балқаш және Балқаш – Бурылбайтал жолының екі учаскесі қайта жөнделуде.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында жол құрылысы барысымен танысты. «Қарағанды – Балқаш тас жолында жұмыстар 50% бітті. Өткен екі жыл ішінде ең көлемді жұмыс – негізді дайындау жүзеге асырылды. Қазір төрт жаңа жолақ бойынша қозғалыс ашылған учаскелер бар.

Сонымен қатар, жер төсемін төсеу жұмыстары жүргізілуде», деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды филиалының директоры Серік Айдос. Ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды-Балқаш жолының құрылысы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүріп жатыр. Екі мердігерлік ұйым жұмыс істейді – «ҚазГерСтрой» БК» ЖШС және CITIC Construction Co., LTD. 9 асфальтбетон зауыты және 10 ұсақтау-сұрыптау кешені жұмылдырылды. Орындалатын жұмыстардың сапасын жаппай тексеру үшін өндірістік базаларда аттестатталған алты жол зертханасы жұмыс істейді. Қайта қалыпқа келтіру аясында 10 көпір, ауыл шаруашылығы техникасына арналған 32 жол өтпесі, екі көлік айрығы және теміржол арқылы өтетін бір жол өтпесі құрылысы қарастырылған. «Сондай-ақ, ұзындығы 150 шақырымды құрайтын Балқаш – Бурылбайтал жолының үш учаскесінде жұмыстар жүріп жатыр»,  деп толықтырды Серік Айдос.