Әлем • 13 Мамыр, 2021

Германия туристерге енгізілген шектеулерді жеңілдетті

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германия туристердің елге кіруіне енгізілген шектеулерді жеңілдетті. Енді COVID-19 жұқтырып, аурудан жазылған және оған қарсы вакцина салдырған туристер шекарадан өткен кезде ПТР-тестінен және карантиннен босатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германия туристерге енгізілген шектеулерді жеңілдетті

13 мамырдан бастап Германия үкіметі коронавирус инфекцияcын жұқтырып, аурудан жазылған немесе инфекцияға қарсы вакцина салдырған туристерге елге кірген кезде ПТР-тест тапсырмауға, сондай-ақ екі апталық оқшаулауды сақтамауға мүмкіндік береді.

Ел билігі еуропалық реттеуші мекеме мақұлдаған - BioNTech / Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Johnson & Johnson вакциналарын мойындайды. Ресейлік және қазақстандық препараттар бұл санатқа кірмейді.

Сондай-ақ 48 сағатқа дейін антиденелер сынағын тапсырған немесе 72 сағатқа дейін ПТР-тесті бар туристер карантиннен босатылады. Тек қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы бар елдерден келген саяхатшылар оқшаулануы қажет.