Қазақстан • 13 Мамыр, 2021

Шалғайдағы ауылдар ауыз судан тапшылық көріп отыр – Ерлан Саиров

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 1200-ге жуық ауылдар әлі күнге дейін ауыз сумен қамтылмаған. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шалғайдағы ауылдар ауыз судан тапшылық көріп отыр – Ерлан Саиров

«Тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде еліміздегі ауызсу мәселесіне 1 трлн теңге қаражат жұмсалған. Қазақстанда 1200-ге жуық ауыл-аймақ әлі күнге дейін ауыз судың зардабын тартып отыр. Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін елімізде ауызсу мәселесі 100%  оң шешім табу керектігін айтты. Алайда, бұл мәселеде шешілмеген проблемалар көп», дейді Nur Otan партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, ауызсу мәселесін шешу жолдары әкімдіктегілер мен министрліктегілер арқылы қаржыландырылады.

«Дәл осы бағытта мәселелер көп. Мәселен, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында ауылдан екі шақырымдық жерлерде су шығаратын үлкен насостар орнатылған. Әрбір насосқа 30-40 млн теңге кетеді. Бірақ ауылдарға магистраль тартылмаған. Енді магистраль тартылғанша насостар істен шығады. Сонда халықтың ақшасының бәрі желге ұшып жатыр. Ауызсу мәселесін шешу үшін барлығын ретімен ойластырған жөн. Нұмқұрайлылық – жемқорлықтың түп тамыры», дейді халық қалаулысы.