Елорда • 13 Мамыр, 2021

Елордада 3 мыңнан аса үкіметтік емес ұйым тіркелген

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ жұмысының сапасын жақсарту және дамыту, сәйкесінше азаматтық белсенділікті арттыру және әлеуметтік шиеленісті төмендету мақсатында құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz  қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 3 мыңнан аса үкіметтік емес ұйым тіркелген

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда 3 104 үкіметтік емес ұйым тіркелген, бұл Қазақстандағы ҮЕҰ жалпы санының 13,4%-ын құрайды. Жалпын саны – 22 344. Оның ішінде «Заңды тұлғалар бірлестігі» құқықтық мәртебесіне 456 ұйым ие, қоғамдық бірлестіктер – 1338, мекемелер – 256 және қорлар – 1054. Елорданың белсенді үкіметтік емес ұйымдарының тізіміне 1084 ҮЕҰ кіреді (2018 жылы – 243, 2019 жылы – 471).

Елорда әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында қалада үкіметтік емес сектордың жұмысын шоғырландыруға бағытталған Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы құрылды және жұмыс істейді. Бүгінде Орталық мынадай қызметтер көрсетеді:

- ҮЕҰ қажеттіліктерін анықтау және оларға сәйкес оқыту;
- Нұр-Сұлтанда үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Заңтану, қаржы, жобалау мәселелері бойынша консультациялар өткізу;
- Ақпараттық-сараптамалық қызметтер (материалдармен, әдістемелік құралдармен, заңнама саласындағы жаңалықтармен, өзгерістермен қамтамасыз ету);
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жобаларды, халықаралық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін мониторингілеу және бағалау;
- Оқыту іс-шараларын өткізу;
- Тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер үшін орындар ұсыну.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметі туралы толығырақ ақпаратты сайттан алуға болады: https://civilcenterelorda.kz/cci/index.php.