Аймақтар • 13 Мамыр, 2021

Түркменстаннан 256 қандас көшіп келді

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауға Түрікменстаннан 256 қандас қоныс аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркменстаннан 256 қандас көшіп келді

Өткен жылы елімізге Түркменстаннан 1025 қандасымыз қоныс аударған еді.

Тарихи Отанына оралуға ниет білдірген қандастардың визалық құжаттары толық дайын және олардың COVID-19 індетіне қатысты тиісті ПТР тестілеудің анықтамалары бар.

Алдағы уақытта қандастар өздерінің қалауы бойынша еліміздің кез келген өңіріне қоныстана алады.

Елге келген қандастар солтүстік өңірлерге қоныс аударған жағдайда олар арнайы өңірлік квоталармен қамтылады.

Арнайы пойыз 12 мамырда «Түрікменбашы» станциясынан шығып 13 мамырда сағат 12:00-де «Болашақ» станциясына, одан әрі «Жаңаөзен» станциясына келді.

Ел тәуелсіздік алғаннан кейін елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы қаулы қабылданды. Содан бері Қазақстанға 1 миллион 70 мың қандас оралды. Мемлекет тарапынан этникалық қазақтардың елге оралуына қолайлы жағдай жасалады.