Хоккей • 14 Мамыр, 2021

«Барыстың» алғашқы трансфері

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барыс» клу­бы маусымаралық үзілістегі алғаш­қы трансферін жасады.

«Барыстың» алғашқы трансфері

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, елордалық ұжымның қатары швециялық қорғаушы Эрик Мартинссонмен толықты. 28 жастағы хоккейші бүкіл мансабында өз елінің командаларында ойнап, екі мәрте Швеция чемпионатында жеңімпаз атанған. Былтырғы маусымды Эрик Швецияның  эли­талы сериясында бақ сынайтын «HV71» ко­мандасында өткізді. 56 ойында мұзай­дынға шыққан ол 37 (5+32) ұпай жинап, қор­ғаушылар арасында ең көп шайба соққан және үздік нәтижелі пас асырған ойыншы болды. Э.Мартинссон алдағы бір маусым «Барыстың» намысын қорғайды.

Айта кетейік, маусымаралық үзілісте әзірге «Барыс» сапынан 7 хоккейші кетті. Атап айтар болсақ, қақпашы Сергей Кудряв­цев, қорғаушылар Джесси Блэкер, Диллон Хетерингтон, Алекс Линтуниеми, Алексей Маклюков және шабуылшылар Линус Виделль мен Павел Акользин келесі маусымды өзге клубтарда өткізеді.