![Павлодарда автобус бағанға соғылды](/media/2021/05/14/crop-6_5_344x448_bbadb5fb7cd71d95a5c83c30d2f8d8a9.jpg)
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, сағат 07:40-та «103» желісіне куәгерлерден С.Торайғыров-Ак.Бектұров көшелерінің қиылысында, музыкалық колледжге қарсы аумақта автобустың бағанға соғылғаны туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына жеделділіктің бірінші санаты бойынша үш жедел жәрдем бригадасы шығып, үш минутта жетті. Сегіз адам зардап шеккен. Олардың екеуі – алты және он бес жастағы балалар. Бригада жол апаты болған жерде жұмыс істеп жатыр, – деп жазылған хабарламада.